Оралда алты жасар қыздың орамал тағуына рұқсат берілмеді

Оралда алты жасар қыздың орамал тағуына рұқсат берілмеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Батыс Қазақстан облысының соты 6 жастағы қыз баланың орамал тағуына келісім бермеді. Білқыз Кенжеғалиеваның орамал тағып сабаққа келуіне мектеп әкімшілігі тиым салған.

Бұл туралы Мой город сайтына сілтеме  жасап Nur.kz хабарлайды.

Облыстық сотта қыздың ата-анасының арыз-шағымын қараудан бас тартты. Өткен жылы Білқыз дайындық сыныбына орамал тағып барған.

Бұған қатысты мектеп ұжымы қыздың ата-анасына ескерту жасаған. Осыдан кейін қыз бала мектепке баруды доғарған.

Ал Кенжағалиевтер отбасы сотқа шағымданған. Алайда Бурлы аудандық соты шағым түсірген Кенжағалиевтердің арызын өзгеріссіз қалдырып, қайта қайтарды. Отбасы осыдан кейін облыстық сотқа жүгінген.

"Орамал таққанда тұрған ештене жоқ. Бұл қазақы дәстүрлердің бірі. Сондықтан да мұнан еш оғаш қылық көрмейміз" - дейді қыздың әкесі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: