#Меркі ауданы: Рамазан айын қарсы алуға дайын

#Меркі ауданы: Рамазан айын қарсы алуға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты елді-мекен мешіттері қасиетті Рамазан айын қарсы алуға дайын.

Бас имамның тапсырмасымен мешіт ауласына, орталық көшелерге Рамазан айына қатысты билбордтар ілініп, намазға келген жамағаттарға ораза кестесі табысталды. Сондай-ақ, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтарына мән берілді.

Орталық «Меркі ата» мешітінде 30 күн Рамазан айында Құранды толық хатым ету үшін арнайы қари шақырылып, жамағатқа таныстырылды.

Ауылдық жердегі имам-молдаларға қолғабыс болсын және шәкірттер дайындасын деп, «Һибатулла Тарази» медресесінен арнайы екі шәкірт шақырылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: