Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров уаххабидтердің улы уағызын тыңдауға мүмкіндік беріп, жастарды теріс тәрбиеге итермелейтін интернетті сынға алды.
Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап "Қазақпарат" хабарлайды.
"Республикада интернеттің іске қосылуын армандаған кезім болған, ал қазір оны алып тастағанын қалаймын. Әр үйде интернет бар. Кез келген адам уаххабиттің уағызына елтіп кетуі әбден мүмкін. Өз ұлым да қандай да бір теріс насихаттың ықпалына түсе ме деп қауіптенемін", - деді Рамзан Кадыров.
Кадыровтың айтуынша, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан интернет қажет, алайда оның теріс жағының ықпалы зор болып отыр.
Ресейде интернетті шектеу мәселесі БАҚ-та жиі талқыланады.