Бас мүфти Астанадағы ғимаратта вице-министрді қабылдады

Бас мүфти Астанадағы ғимаратта вице-министрді қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы ғимаратында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановты және ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинді қабылдады.

Ресми басқосуға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері мен Дін істері комитетінің өкілдері қатысты. Кездесуде қоғамдағы өзекті діни мәселелер мен жат ағымдар жайлы пәтуа шығару, діни рәсімдерді бір ізге түсіру, имамдардың шетелде білімін жетілдіру, халал стандарттау жүйесін қолға алу, Діни басқарма мен Дін істері комитетінің ынтымақтастық бағытындағы өзара ортақ жұмыстарын жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарында діни ағарту, түсіндіру іс-шараларын жандандыру, өзге ұлттар мен ұлыстардың сұранысына сай медреседе орыс тілі бөлімін ашу, имамдар форумын өткізу, т.б. мәселелер талқыланып, пысықталды.

«Құрметті мүфти-хазрет, Діни басқарманың Астанаға көшуі біз үшін, еліміздің мұсылман жамағаты үшін үлкен тарихи оқиға болды. Елордамызда еліміздің игілігі мен бірлігі жолында жасалатын жұмыстарыңызға сәттілік, табыс тілеймін», – деді вице-министр Марат Алмасұлы.

Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма жанынан Халал өнімдерді стандарттау бөлімі ашылғанын, жуырда www.fatua.kz сайты өз жұмысын бастайтынын жеткізді. «Ислам дініне ден қойған бауырларымыз мүфтияттың мамандарына түрлі сұрақтар жолдайды. Тіпті, күнәға жол беріп қоймайын деген ниетпен отбасы мәселесінде де сауал жолдайды. Жаңадан ашылып жатқан сайтымыз осындай сұрақтарға жауап береді және жат ағымдар жайлы пәтуалар жарияланады», – деді Бас мүфти.

Келелі кездесуде Марат Алмасұлы Діни басқарманың жаңа ғимараты үшін әкелген сыйын ресми табыстады.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: