Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Нұргүл Әлиханқызының ұйымдастыруымен "Бала - маған аманат" атты бала тәрбиесіне арналған семинар өтті.
Баланың тұлғалық дамуы, балалар арасындағы бауырмашылдық, ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын маңызды дүниелері сынды тақырыптар кеңінен ашылып, жиналған әйелдер жамағаты өздеріне пайдалы мәліметтер алғанын атап өтті.
Бала - әр ата-атанаға берілген аманат. Оның тәрбиесі мен дінді сүйіп өсуі де көбінде өзімізге байланысты. Спикер ретінде шақырылған бала психологы Ұлдана Әділханқызы осы дүниелерді тағы да жаңаша жеткізіп, өзінің білімімен көптеген қонақтардың көзіне жас ұялатты. Жамағат осындай семинарлардың жиірек болуын сұрап, дән риза болып тарқасты.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

