ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі, облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы мешіттегі шәкірттер тобына Рамазан айына дайындық ретінде “Оразаның фиқхы” атты семинар өтті.
Оразаның дұрыс болу шарттары, оразаны бұзатын, не бұзбайтын жағдайлар, оразаға рухани дайындық секілді тақырыптардың барлығы қамтылды. Разы болған жамағат кездесудің өте қызықты өткенін жеткізді.
Көптеген түйінді мәселелер талқыланып, сұрақтарға дәйекті жауап та берілді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

