Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің әйелдер жамағаты кең дастархан басында бас қосып, керемет отырыстың куәгері болды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі, ұстаз Нұргүл Әлиханқызы жамағатқа "Шағбан айының артықшылығы мен Ораза айына дайындық" туралы сүбелі насихат айтты. Іс-шарада көңілді ойындар ойнатылып, жиналған қыз-келіншектерді біраз сергіп те алды.
"Осындай отырыстар мұсылмандардың бауырмашылдығын арттырып, жамағаттың бірлігі үшін үлкен үлес қосады" - дейді мешіт ұстазы отырыс жайлы.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


30 Сәуір 2026
13 Зуль-каада 1447

