Елордада науқас сәбилердің аналарына арналған мерекелік кеш өтті

Елордада науқас сәбилердің аналарына арналған мерекелік кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

үгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Ақмешіт» мешітінің ұйытқы болуымен «Бақытты шаңырақ» қорына мүше аналарға арналған «Асыл ана – ел жүрегі» атты мерекелік кеш өтті.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды қолдау және көмек беру бойынша құрылған «Бақытты шаңырақ» қорының орталығында мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, арнайы дастархан жайылды.

Сауапты шараға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бастаған бір топ өнерпаздар да өз үлесін қосып, тағдыр сынағына мойымаған қайсар аналарға құрметтерін көрсетті. Түрлі музыкалық аспаптардан күй төгіліп, әнмен әрленген шара аясында аналарға гүл шоқтары да таратылып, асқан қажырлықтары үшін өкілдік атынан «Алғыс хат» та табысталды.

Мерекелік кешке республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, ізгі тілегін білдірді. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің ыстық сәлемін жеткізіп, қайсар аналарды мерекесімен құттықтады.

Шара соңында ата-аналар мен балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, орталықтағы мерекелік көңіл-күй көпке дейін жалғасты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: