АҚШ-тың Айдахо штатында мұсылмандарға жалдамалы пәтер беріп жүрген әйел адам мұсылмандардың қасиетті кітабы, Алланың сөзі Құранның ондаған көшірмесін қоқыс үйіндісіне тастаған.
Покателло қаласында болған бұл жайт Айдахо штатындағы мұсылмандардың ашуын тудырды.
«Ұйымға үшін арнайы алып келген Құранның 200 көшірмесі мен құжаттамасы жоғалды», – деп күйініп отыр Оңтүстік-Шығыс Айдахо штатындағы Ислами ұйымның директоры Амин Алхами.
Жанжал өткен жексенбінің түнінде орын алған. Бұл кезде аталмыш штаттың мұсылмандары Құрбан айт мерекесін атып өтіп жатқан екен.
Егде жастағы Элен Бадж Құранның көшірмелері мен құжаттамаларын қоқыс жәшігіне мұсылмандарға зиянымды тигізу ниетімен емес, тек бөлмелерді тазалау үшін ғана тастадым деп ақталып отыр.