Бас мүфти ардагерлер үйінде шырша отырғызды

Бас мүфти ардагерлер үйінде шырша отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қалалық ардагерлер үйінде сенбілік өтті. Игі іс-шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, жасыл шырша көшетін отырғызды.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қиямет боларын біліп тұрсаңда қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал»,- деп өсиет еткен. Сондықтан ағаш егіп, қоршаған ортаны көгалдандыру дініміз Исламда үлкен сауапқа кенелтетін істің бірі. Шараның басты мақсаты жастарды қарттарға қамқорлық жасауға, ата-баба аманатын аялауға баулу. Сонымен қатар, жасөспірімдерді табиғатқа деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке шақыру арқылы туған жерге, елге деген сезімін ояту»,- деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. 

Аталмыш игі шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет пен қала мешіттерінің имамдары және медресе шәкірттері қатысты.

 

 muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: