Бас мүфти Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқыды (ФОТО)

Бас мүфти Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқыды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Бас мүфти отбасы құндылығы, жат ағымдардың жетегінде кетпеу, ата-ананы қадірлеу, ел игілігі үшін қызмет ету, білім алу, ғылыммен шұғылдану, дін мен дәстүрдің бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. мәселелер бойынша пайымды пікірлерімен бөлісті.

«Жақсы отбасы құру, алған білімді, күш-қайратты елдің өркендеуі мен халықтың бірлігі үшін жұмсау – нағыз сауапты іс. Алла жолында күрес дегеніміз – бойдағы жаман мінезден арылу, халықтың игілігі үшін көпір салу, бала-бақша тұрғызу, иманды қоғам құру. Сіздер әртүрлі саланың маманысыздар. Әркім өзінің сүйікті мамандығы арқылы елге адал қызмет етсе, мемелекетіміздің мерейі үстем бола бермек», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти студенттерді қоғамда көрініс тапқан жат ағымдардан сақтануға шақырды. Ислам тек Құдайға құлшылықпен шектелмейтінін жеткізді. «Ислам дегеніміз – қайырымдылық, жетімге қамқорлық, жесірге жанашырлық, қарттарды қадірлеу, барша адамға бауырмалдық таныту, т.б. Осындай игі амалдарға ұмтылсақ, дініміз өркендейді», – деп пікірін білдірді Бас мүфти.

Келелі кездесуде университет профессоры, философия ғылымдарының докторы, белгілі мәдениеттанушы Тұрсын Ғабитов Бас мүфтидің бастамасымен шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы жайлы ойларын ортаға салды.

ҚМДБ төрағасы студенттермен болған жылы жүздесуде олардың сұрақтарына жауап берді. Университет ұжымы мен студенттеріне, әл-Фараби кітапханасына «Дін мен дәстүр» кітабының 300 данасын сыйға тартты.

Игі шараға 400-ге жуық шәкірт қатысты.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: