Жын-перілер ауыл тұрғындарының дегбірін қашырды

Жын-перілер ауыл тұрғындарының дегбірін қашырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атырау облысындағы Дамба ауылында түсініксіз жайттар орын алуда. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы он күнде екі әйел өзіне қол салып қайтыс болса, тағы екеуі жынданып кеткен. Ауыл азаматтары олардың ішіне жын кіріп кеткен деп отыр. Ел іші үрейлі. Адамдар кешқұрым сыртқа шықпай, балаларын ойнауға жібермеуде, деп жазады «bnews.kz» «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап.

Дамба ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзулиннің айтуынша, жыл басынан бері мұнда 4 ересек азамат өзіне қол салған көрінеді. Ал, қазір екі әйел психикалық ауруға шалдыққан.

«Орын алған осынау келеңсіз жайтты болдырмау үшін біз ауылға орталық мешіттен имамдар шақырдық. Облыстың бас имамымен бірге бірнеше дін өкілі келді. Жағдайды түсіндіріп берді. Енді бүкіл ауыл болып садақа бермекпіз», - дейді Ұ.Байзуллин.

Облыстың бас имамы Батыржан Мансұров та Дамба ауылында жын болуы мүмкін деген фактіні жоққа шығармайды.

«Жын деген бізге Құран мен хадистен белгілі мақұлық. Періштелер адамға пайда келтіру үшін нұрдан жаратылса, жын-шайтан адамдарға қарсы әрекет жасайды... Біз бұдан бір-екі апта бұрын Дамбы ауылында адамдар өздеріне қол жұмсап, желігіп ауырып жатқаны жөнінде естідік. Сондықтан да мен облыстың бас имамы ретінде қала мешіттерінің имамдарын ертіп, сол жерге бардым. Халықты жинап, түсінік жұмыстарын жүргіздік... Жалпы жын-пері лас жерлерде жүреді. Сондықтан да жеке бастың тазалығымен қатар үйдің айналасын, ауылды таза ұстау керек» дейді өкіл имам.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: