Дубайда өткен Fashion Forward фестивалінде шариғат талаптарына сай тігілген киім үлгілерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Сән алаңында фестивальге қатысушы әлемдік бренд белгілерінің көбісі дерлік өздерінің мұсылмандық киім үлгілерін көрсетті.
Әртүрлі стилдегі хиджаб үлгілерін көрсеткен сәнқойлар мұсылман ақжаулықтыларына заман көшінен қалыс қалмай, сонымен бірге шариғат талаптарын да орындауға болатынын тағы бір дәлелдеді.
«Біз әсем көрінгіміз келеді және діни ұстанымымызға сай киінеміз», – дейді Louella брендтік компаниясының киімін жарнамалаған Ибтихаж Мухаммад есімді бойжеткен.
Сондай-ақ, фестиваль барысында сәнқойлардың шариғат талаптарына сай барынша қарапайым киінуі туралы да сөз қозғалды. Көптеген мұсылман қыздары бұл тұрғыда қарапайым, бірақ сәнді әрі талғаммен киінгілері келетіндіктерін жасырмады.
muslim.kz