Израиль мемлекеті арада жеті жыл уақыт өткесін ғана Газа тұрғындарына Иерусалим аумағына кіруге рұқсат берді. Аталмыш рұқсат мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан мейрамына орай берілген еді.
Палестиналықтардың құқығын қорғау бағытында құрылған Gisha ұйымының өкілі мәлімдегендей, Израиль әкімшілігі жасы 60-тан асқан 500 газалық азаматтың жексенбіден сейсенбіге дейін Ақса мешіт аумағында жүріп-тұруына жеңілдік көрсеткен.
«Бұндай жағдай сонау 2007-жылдан бері орын алмаған болатын. Израиль билігі христиандық мерекелер уақытында христиандардың Иерусалимге кіруіне рұқсат бергенімен, мұсылмандар үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған еді», – дейді Gisha ұйымының баспасөз хатшысы Шая Грюнберг.
«Менің бұнда болмағаныма 35 жылдан асыпты. Бәрі өзгерген», – дейді Газа тұрғындарының бірі.
muslim.kz