Әл-Арабия баспасөз орталығының хабарлауынша, биылғы жылғы қажылардың кәдесый алуға жұмсайтын қаражаты шамамен 600 млн долларды құрамақ. Бұл дегеніміз, әрібір қажылыққа келген жан қасиетті мекеннен туған-туыс, дос-жарандарына естелікке 400 долларға сыйлық алатынын көрсетеді.
Жидда қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ибрагим Баттарджидің айтуынша, қажылыққа келген әрбір жанның жұмсаған шығыны оның қайдан келгеніне, табысына және басқа да факторларға байланысты болмақ. Осы себепті де, қажылардың орташа жұмсаған шығыны 350-400 доллар көлемінде болып отыр дейді ол. Қажылардың қасиетті мекеннен қайтарда алатын заттары көбіне таспиық, жайнамаз, ұлттық киімдер мен алтын әшекейлер болып келеді екен.
muslim.kz


09 Ақпан 2026
21 Шаабан 1447

