Сарысу аудандық орталық мешітінде мешіт шәкірттеріне Әйел-қыздар секторының ұстазы Мадина Қайратқызының ұйымдастырумен "Мәйітті дұрыс жуу, кебіндеу" атты практикалық семинар өтті. Өлім Хақ әрбір адам өлімнің дәмін тартады, бірақ сол өлімге жақындарымыз қандай дайындықпен шығарып салу керек екендігін терең біле бермейміз.
Осы мақсатта мешіт ұстазы шәкірттерге, әйел жамағатына тақырыпты практикалық түрде өтуді жөн көрді. Жаназаның оқылуы, мәйітті шариғат талаптарына сай дұрыс жуу, кебіндеу парыз кифая екендігі баса айтылды. Семинарда ауырып жатқан кісіге зиярат ету, қайтыс болып бара жатқанда не амалдар жасау керектігі, мәйітті жуушы адамның шарттары, мәйітті жуу барысы практикалық түрде көрсетілді.
Кебіннің түрлері ерлерге және әйелдерге арналған кебіндер ақ матамен бөліктерге бөлініп көрсетілді. Соңында әйел адамның жаназадағы әдептері айтылды. Осы практикалық семинарды қорытындылау үшін шәкірттердің қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатымен тақырыпқа орай телеграм арқылы онлайн сұрақ-жауап тесті ұйымдастырылды. Шәкірттер сынақта жақсы нәтиже көрсете алды.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі