#Сарысу: Қасиетті үш ай қарсаңында қайырымдылық эстафетасы өтті

#Сарысу: Қасиетті үш ай қарсаңында қайырымдылық эстафетасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық орталық мешітінің "Әжелер алқасы", мешіт қызметкерлері мен шәкірттерінің қатысуымен  қайырымдылық эстафетасы ұйымдастырылды. Алла разылығы үшін  қаламыздағы зағип, қаражатқа мұқтаж кісілерге және қаламыздан медресеге кеткен шәкірт қыздарымызға қаржылай әрі кітаптар арқылы қайырымдылық жасалды.

Алла Тағала Құранда: "Сендер Раббыларыңның қалауымен күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған ең хайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып  жамандықтан тиясыңдар. Аллаға кәміл сенесіңдер, - дейді. Осы аятқа  амал ету  ниетімен Сарысу аудандының  Әйел-қыздар  секторы "Қайырымдылық эстафетасын" Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" және "Әулие ата" мешіттерінің ұстазы Жібек Болатбекқызы мен оның жамағатына жолдайды.

Сарысу мешітінің ұстазы: "Құрметті, Жібек Болатбекқызы сіз де осы "Қайырымдылық эстафетасына" ат салысып, басқа ұстаздарға жолдасаңыз. Алла баршамыздан разы болсын" - деп эстафета тізгінін ұстатты. 

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: