#Шу: Бірлескен іс берекелі болмақ

#Шу: Бірлескен іс берекелі болмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлт мүддесі жолында ұрпақ тәрбиесіне бірігу керек. Қоғам болып қолға алып, қамқорлық таныту керек. Өйткені ел ертеңін дұрыс бағытқа бұруға баршамыз жауаптымыз.

Жуырда №3 Шу қалалық  кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мейірім мен рақымдылықтың діңгегі - Ислам"  атты тәрбие сағаты С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушыларымен өткізілді.Іс-шарада кітапханашы  дінімімізге жат, теріс ниеттегі діндерден сақтау жолдарын жан-жақты түсіндіріп, діни экстремизм жайында мағлұмат берді.

Кеш қонағы Шу ауданы "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев балаларды имандылыққа, ана тілін сүюге, ата-салтын, адамгершілік қасиетін бағалауға шақырды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: