Шешен Халық Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа осыдан 1300 жыл бұрын жазылған қасиетті Құран Кәрімнің сирек нұсқасы сыйға тартылды.
Құнды жәдігерді республика басшысына Ирак, Сирия, Ливан аумағындағы Құрайыш тайпасының ақсақалдарының тапсыруымен Ресей Федерациясының президенті жанындағы өкілетті уәкілі Зияд Сабсаби салтанатты түрде табыс етті.
«Бұл сыйлық – барлық шешен халқы үшін, Ресей үшін баға жетпес құндылық. Біздердің мұсылман болғандығымыз үшін, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті болғанымыз үшін, қасиетті Құран Кәрімді оқып, оған амал ететініміз үшін Жаратқан Аллаға сансыз шүкірлер айтамыз», – деп жазылған Қадыровтың инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Грозный қаласында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың жәдігерлерін сақтау жөнінде қор ашылған болатын. Мерекелік күндері музей жәдігерлері республика мешіттеріндегі көрмеге қойылып отырады.
muslim.kz