Түркия Мысыр мемлекетінің атақты «Әл-Азхар» университетіне пара-пар өзінің Халықаралық Ислам университетін ашатын болады, – дейді түрік елінің діни мәселер министрі Мехмет Гермез.
Аталмыш министрлік Түркия Жоғары Білім беру комитетіне Ислам университетін ашу жайлы сауалхат та жолдап қойған.
Рұқсат берілісімен құрылыс жұмыстары басталатын Ислам университеті Стамбулдағы «29 Mayis» университетінің негізінде тұрғызылмақ.
muslim.kz