Ойын алаңында сәжде жасағаны үшін жазаға ұшырады

Ойын алаңында сәжде жасағаны үшін жазаға ұшырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американдық мұсылман футболшысы ойын кезінде Жаратушы Аллаға тәу етіп, сәжде жасағаны үшін жазаға ұшырады.

Канзас-Сити клубының ойыншысы Хусейн Абдулла Нью-Ингленд Пэтриотс клубымен болған кездесуде допты сәтті қағып алғаннан кейін жерге тізерлеп отырып, сәжде жасаған болатын.

Алайда, оның бұл әрекетіне төреші «спорттық емес әрекет» деген баға беріп, 15 ярдтық айып добын белгіледі.

Төрешінің бұл қылығын көптеген спорт шолушылары әділетсіздік деп танып, сынға алуда. Көптеген христиан дініндегі ойыншылар ойын уақытында қолдарын жоғары көтеріп, дұға жасайтындықтары үшін жазаланбайтындықтан, мұсылман ойыншыларына да ереже ерекше болмауы тиіс деп санайды олар.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: