Жәбірейіл (ғ.с.) Алла Елшісіне (ﷺ) келіп: «Уа, Мұхаммед! Құдіретті де Ұлы Алла Тағала саған: "Мына тауларды алтынға айналдырып, сен қайда барсаң сонда болатындай етіп жасауымды қалайсың ба?» - деп сұрауда дейді.
Алла Елшісі (ﷺ) біршама уақыт үнсіз қалып, сосын: «Уа, Жәбірейіл! Ақиқатында, бұл дүние – үйсіздің үйі, жарлының мүлігі. Сана-сезімі жоқ жан ғана бұл дүниеге қызығып, талпынатын болады», - деп жауап береді. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.): «Уа, Мұхаммед! Алла Тағала сені хақ жолға мықтап бекітті!» - деген екен.
asyldin.kz