Асыл дініміз Исламда күнә болып табылмайтын, алайда мәкрүһ болып есептелетін амалдар жеке санатқа енгізілген. Міне, осындай амалға айнаның алдында тұрып намаз оқу жатады. Мәкрүһ амал намазды бұзбайды, бірақ ол ерекше бір рухани күйге жетуге кедергі келтіреді. Сол себепті осындай мәселелерге аса мән беру қажет.
Кей кезде адам баласы лажсыз жағдайларға тап болып, айнаның қарсы алдында тұрып намаз оқуына тура келіп жатады. Алайда намаз оқып тұрған адамның көңілін алаңдататын нәрсенің бәрі мәкүрһ болып табылатындығын естен шығармағанымыз жөн. Демек, сіздің алдыңызда тұрған айна сізге кедергі келтіріп не болмаса алаңдататын болса, мұның мәкрүһ болғаны. Ал егер намаздан алаңдатпаса, онда бұл мәкрүһ болып саналмайды.
asyldin.kz