Екі елде 100-ден аса миллиардер тұрады

Екі елде 100-ден аса миллиардер тұрады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында 100-ден аса миллиардер тұрады. БАӘ-дегі миллиардерлердің байлығы – 132 млрд доллар, өткен жылы бұл көрсеткіш 45 млрд долларды құраған болатын. Яғни, осынау араб елінің байлары дәулетін 3 есеге көбейткен. Бұл жайында al-Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Сонымен қатар, миллиардерлердің қарасы да артқан: өткен жылы – 37 миллиардер болса, биыл – 46.

Сауд Арабиясындағы ауқаттылардың қатары азайғаны байқалады. Өткен жылы аталмыш елдегі миллиардерлердің активтері 204 млрд долларға бағаланса, биыл бұл сома 166 млрд долларға дейін кеміген.  Сауд Арабиясының өзінде 57 миллиардер өмір сүріп жатыр. Экономикалық дағдарысқа қарамастан дәулеттілердің қатары артып келеді. Өткен жылдың өзінде әлем бойынша миллиардерлердің қатары 155 адаммен толықты. Олардың дәулеті 12 пайызға дейін, яғни, 3,7 трлн долларға дейін өскен. 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: