МИНИСТР БАС ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

МИНИСТР БАС ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында болып, орталық ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысты.

Діни қызметкерлермен кездесуде Асқар Қуанышұлы ақпарат таратудың түрлі арналарын пайдалану және діни ағарту бағытындағы жұмыстарды жаһандық трендтерге сәйкес жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген азаматтарға түсіндіру іс-шараларын күшейту туралы әңгімелесті. 

Кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ағарту саласын жаңғыртуға көңіл бөліп келе жатқанын жеткізіп, осы жылы жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. 

Басқосуда бас имамдар министрге көкейде жүрген сауалдарын қойып, жан-жақты пікір алмасты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: