Мұсылман әйелдер дүниежүзі бойынша Хиджаб күнін атап өтті

Мұсылман әйелдер дүниежүзі бойынша Хиджаб күнін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүниежүзінің түкпір-түкпірінде әртүрлі діндер мен кәсіп өкілдерінің мыңдаған әйелдері сейсенбі күні әлеуметтік желіде #DressedNotOppressed хэштегімен селфи жариялау арқылы 10-шы Дүниежүзілік Хиджаб күнін атап өтті.

Биылғы жылы шараны ұйымдастырушылар дүние жүзіндегі мұғалімдерді хиджаб кигені үшін желтоқсан айында сыныптан қуылған Квебек мектебінде істейтін канадалық мұсылман мұғалімі Фатеме Анвариге қолдау көрсетуге, бірлікте болуға және онымен ынтымақтастыққа шақырады.

WHD Дүниежүзілік хиджаб күнін ұйымдастырушылар биылғы жылы мұсылман емес адамдардыың да бұл шараға қолдау көрсеткенін айтты.

Осы күнге арналған іс-шаралар аясында жаһандық виртуалды конференция өтті, онда спикерлер мен басқа қатысушылар «хиджабофобияға» қатысты мәселелерді талқылап, жастарға, жұмысқа және күнделікті өмірге қатысты мәселеге қатысты көзқарастарын ұсынды.

Биыл алғаш рет WHD науқанға қуат беру, хабардарлықты арттыру және оның ауқымын кеңейту мақсатында American Airlines және Facebook-тің бас компаниясы Meta сияқты бірқатар халықаралық ұйымдармен және бизнеспен серіктес болды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: