Құран көрмесіне 20 мыңнан астам адам келеді

Құран көрмесіне 20 мыңнан астам адам келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының Ислам істері министрлігі, көрмелер мен конференциялар бас хатшылығы және Король Фахд қасиетті Құран басып шығару кешені ұйымдастырған көрме 13 қаңтарда басталып, Эр-Риядта аяқталды. Шараға 20 мыңнан астам адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты ретінде Құран басу саласындағы күш-жігер мен дамуды көрсету, баспа жұмыстарының сапасын арттыру, Құранға және халыққа қызмет ету күш-жігерін дамытуға көмектесетін бастамалар жасау аталды.

Көрмеде Мәдинадағы Құран Кәрімнің Король Фахд баспа кешенінің құрылу тарихы мен кезеңдері туралы айтылды. Ислам істері министрлігінің мәліметінше, кешенде соңғы екі жылда Құранның 20 миллионнан астам данасы басылған.

Сондай-ақ көрмеде Құран Кәрімнің брайл тілінде жазылған барлық көшірмелері қойылды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: