15 жасында армрестлингтен әлем чемпионы атанған түркиялық Эсра Акба: «Жетістікке жету үшін чемпион болатыныңа нық сене білу керек» деп табыстың сырын ашты.
Есра Акбаш, 2021 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында Румынияның астанасы Бухарестте өткен армрестлингтен әлем чемпионатында өз жас тобында оң қолмен әлемде бірінші, сол қолмен әлемде үшінші орын алды.
Бойжеткен Түркияда өткен алғашқы жарыста жеңіске жеткен соң әлем чемпионы атануды мақсат етіп қойған. «Мектеп пен кәсіпқой спортты біріктіру қиын болғанымен, уақыт өте үйреніп кеттім. Диета, жаттығу, қатаң күнделікті режим - мұның бәрі мені жеңіске жетеледі », - деді мұсылман қыз.
Шәкіртінің осы спортқа бейімділігін байқаған денешынықтыру пәнінің мұғалімі Хасан Доған Эсраның қолдары керемет күшті екенін бірден байқағанын айтты.
«Эсраның білегі өте күшті еді, мен Эсраның армрестлингтен болашақ әлем чемпионы болуы мүмкін екенін түсіндім», - деп бөлісті ұстазы.
asyldin.kz