Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұлық, мерейлі, мейірім мерекесі – Құрбан айтты ұлттық нақышпен, жан-жақты дайындықпен өткізуді жоспарлауда.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен облыс, аудан орталықтары мен қалалардағы мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дастархан жайылады. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, қазақша күрес, гір тасын көтеру, асық ойыны, белтемірге тартыну, т.б.) сайыстар өткізіледі. Сондай-ақ, мешіт ауласында балаларға арналған арнайы ойын алаңдары жұмыс істемек. Республика бойынша жетім бүлдіршіндер мен мүгедектерге мерекелік бағдарламалар әзірленуде.
Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айттың құрметіне Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында тұңғыш рет рухани кеш өтеді. Кеште рухани сахналық қойылымдар көрсетіліп, діни әндер мен термелер орындалады.
muslim.kz