БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Асқар Омаровпен кездесті.

Кездесу барысында дін істері мәселелері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Бас мүфти мен министр қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша сындарлы пікір алмасты. Сондай-ақ, ақпарат таратудың түрлі арналарын, атап айтқанда БАҚ, әлеуметтік желі, мессенджерлер, кітаптар және т.б. құралдарды пайдалана отырып, Діни басқарманың ағарту жұмысының сапасын жаһандық трендтерге сәйкес жаңа деңгейге көтеру туралы да сөз болды.

Министр қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде мұсылман қауымға үндеу жасап, жұртты бірлікке, бейбітшілікті сақтауға шақырған азаматтық ұстанымы үшін Бас мүфтиге зор алғыс білдірді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ете отырып, ұдайы халқымызды рухани құндылықтар төңірегіне топтасуға үндеп келеді» деп атап өтті А.Омаров.

Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы министрліктің Діни басқарма жұмысына көрсетіп отырған қамқорлығын ерекше атап, алғысын жеткізді және Асқар Қуанышұлына өзара тығыз ынтымақтастық жалғаса беретінін тілге тиек етті.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: