Қабыл болмаған дұғасы үшін адамға қандай сауап беріледі?

Қабыл болмаған дұғасы үшін адамға қандай сауап беріледі?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Өз құлының дұғасын қабыл етіп, оның дұғасына жауап береді, алайда Ол дұғаның жүзеге асуын кешіктіре алады. Мұның себебі мынада: әлгі дұғаның іске асатын уақыты келген жоқ немесе Алла Тағала жұмыр басты пенденің дұға жасауда табанды болуын қалайды. Жаратушы адамдардың дұға жасауда табанды болғанын жақсы көреді.

Әбу Хурайра (р.а.) келтірген риуаятта Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Мұсылман Алла Тағалаға дұға жасағанда оның дұғасы қабыл болады, тек күнәлы болар нәрсені сұрағанда немесе туыстық қарым-қатынасты үзуге ниет еткенде дұға қабыл болмайды. Оның тілегі осы дүниеде жүзеге асады немесе ақырт өмірге қалдырылады. Не болмаса оның дұғасына жауап ретінде оның бір күнәсы кешіріледі» (Хаким «Мустадрак», 1/497). Йазид ар-Раккаши (Алланың оған рахымы болсын) былай айтқан: «Қиямет күні Алла Тағала құлдарының осы дүниеде жсаған, бірақ оларды Ол қабыл етпеген дұғаларды ортаға қояды да:

- Құлдарым Менің! Сол кезде сендер осындай дұға жасадыңдар. Сендердің жер бетіндегі тірліктеріңде Мен сол дұғаларыңа сауап бермедім. Енді мына сауаптар әлгі жасаған дұғаларыңа тиесілі», - деп тіл қатады.

Сол кезде адам баласы осы дүниеде жасаған барлық дұғаларының қабыл болмай кеткенін қалап кетеді екен («Танбиху’л Гафилин»)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: