ҚМДБ ҰЖЫМЫ ДОНОР БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ҰЖЫМЫ ДОНОР БОЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы игі іске бастамашы болып, қан тапсырды.

Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өткен қайырымдылық шарасына Діни басқарманың 20-дан аса қызметкері қатысты. Дәрігерлердің тексерісінен өткен соң дін қызметкерлері қан тапсырып, сауапты іске ұйытқы болды.

«Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде «Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» деп, бір адамды өлімнен құтқару бүкіл адамзатты құтқарумен бірдей екенін жеткізген. Қазіргі таңда елімізде мыңдаған адам қанға мұқтаж. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарып, Діни басқарма ұжымы бүгін қан тапсырды. Бұл – сауапты амал. Алла сауаптан жазсын!» деді Бас мүфти.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: