Түркияның Адам құқықтары мен бостандықтары қоры (İHH) 2021 жылы 18 елде 1861 су ұңғымасын бұрғылап, 930 мың адамды ауыз сумен қамтамасыз етті.
Қордың мәліметінше, бүгінде әлем халқының оннан бір бөлігі әлі күнге дейін ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Таза судың жетіспеушілігі жұқпалы аурулардың таралуына әкеледі. Жауын-шашынның аз болуы, шамадан тыс булану, жылдам тұтыну және ластану дүние жүзіндегі су ресурстарын сарқып жатыр.
IHH таза су тапшылығы бар адамдарға көмектесу үшін күш салуды жалғастыруда. Осы шаралар аясында IHH шұғыл қажеттілік бар жерлерде су ұңғымаларын бұрғылайды.
Құдықтар адамдардың таза және ауыз суға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, тек өмір сүру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың тіршілігі үшін де жағдайды жақсартады, өйткені олардан алынған су мал шаруашылығында және шағын егін шаруашылығында да пайдаланылады.
2021 жылы қор Ауғанстан, Бенин, Чад, Гана, Гвинея, Камерун, Кения, Либерия, Мали, Нигер, Нигерия, Сьерра-Леоне, Сомали, Судан, Танзания, Того, Уганда және Зимбабведе 1861 су ұңғымасын бұрғылады. 930 мың адам таза сумен қамтылды.
2000 жылдан бері İHH 41 елде ашқан су құдықтарының саны 11 741-ге жетті.Олардың арқасында бүгінде 4 миллион 882 мың адам таза суға қол жеткізді.
asyldin.kz