Осы дүниеде жүріп-ақ Жұмаққа қол жеткізгіңіз келсе...

Осы дүниеде жүріп-ақ Жұмаққа қол жеткізгіңіз келсе...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы дүниеде жүріп-ақ Жұмақтың қолжетімді болғанын қалайсыз ба? Онда әрдайым дәретпен жүріңіз! Егер адам баласының жүрегіне ұялаған иман, жанымыздың төрінде нұр болып жарқырайтын болса, онда мүмкін емес нәрсенің бәрі мүмкін болып кетеді. Жүрегінде сондай берік иманы болған Біләлдің (р.а.) Алла Тағала алдындағы ахуалы қандай десеңізші? Бұл жайында білгіміз келсе, Пайғамбарымыздың (ﷺ) Миғраждан қайтып келіп былай айтқан хадисін келтіре кетейін: «Жәннат бағында сенің сандалыңның дыбысын естідім. Әй, Біләл, менен бұрын онда қалай барып қойдың?» - деп сұрайды Пайғамбарымыз (ﷺ). Сонда Біләл (р.а.): «Дәретім бұзылғанда мен дереу дәретімді жаңартып отырамын. Ал дәрет алып болған соң, Алла разылығы үшін, екі ракағат намаз оқимын», - деп жауап берген екен. Үнемі дәретпен жүруге және дәрет алып болған соң екі ракағат нәпіл намаз оқу - бізді Жұмаққа жетелейтін болса, бізге әрдайым дәретпен жүруге не кедергі келтірмек? Дәретпен жүру шайтаннан қорғайды әрі

кез-келген уақытта Құран оқуға, намаз оқуға мүмкіндік береді және ішкі-сыртқы кірленуден сақтайды, нәжістен арылтады. Жалпы алғанда, дәрет — мұсылманның қорғаны. Алла Тағала Таза әрі Пәк, Ол тазалықты жақсы көреді. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді» (2:222). Исламда тазалық — иманның жартысы. Сол себепті де осы қасиетті Рамазан айында үнемі дәретпен жүруге тырысыңыздар. Әр кез дәрет алу арқылы біз, Алланың қалауымен, күнәмыздан арылып отырамыз. Мұсылман дәрет алуда бетін жуу арқылы судың соңғы тамшыларымен көзбен жасалған күнәдан арылады. Қолдарын жуу арқылы, дәрет алған суымен, қолдарымен жасаған күнәдан тазарады. Аяқтарын жуу арқылы судың соңғы тамшыларымен аяғымен жасаған күнәні жуып тастайды. Міне, осылайша, адам баласы дәрет алу арқылы дене-мүшелерімен жасаған кіші-гірім күнәлардан арылып, тап-таза болады. Ал Қиямет күні хақ мұсылмандардың жүздері, аяқ-қолдары алған дәреттің салдарынан нұрланып тұратын болады. Кімде-кім осы нұрды көбейткісі келсе, онда дәрет алсын. Ал дәрет алып болған соң дұға жасау арқылы, Алланың қалауымен, сіз Жәннат мекендеушілерінің бірі бола аласыз. Бұл мақаланы дәретпен оқып отырған болсаңыз нұр үстіне нұр болар еді, ал егер дәретіңіз болмаса онда дәрет алуға асығыңыз. Ұйықтағанда дәретсіз жатпауды әдетке айналдырыңыз, өйткені үнемі дәретпен жүретін тақуа жанды Алла Тағала Өз панасына алады. Алла Ұлық! Сіздің үнемі дәретпен жүруіңізге Алла Тағаланың: «Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді» (2:222) деген осы бір аяты жеткілікті емес пе?!.

Алла Тағала сізді, мені, күллі мұсылман қауымын Жұмақпен қуантсын! Әмин!

Сыдықова Ақерке

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active