Қыркүйек айының 9-жұлдызында БҰҰ-да Кувейт әмірінің қайырымдылық шараларын ұйымдастырудағы орасан зор еңбегіне орай марапаттау рәсімі болады. Жомарттығымен атағы шыққан кувейттіктердің қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға келгенде, алдарына жан салмайтыны белгілі. Ислам Халықаралық Қайырымдылық Ұйымы да осы Кувейт әмірлігінің қолдауымен жұмыс істеп отыр.
Кувейт әмірлігі ұйымдастырған екі донорлық конференция арқасында сириялық босқындарға арналып биылғы жылы $ 3,5 млрд қаражат жиналған. Сондай-ақ, ИХҚҰ қодауымен түрік елінде сирилықтарға арналып «Кувейт ауылы» атты лагерь ашылған болатын. «Кувейт ауылы» 1000 үйден, 4 мектептен, 2 мешіт және 2 клиикадан тұрады.