Меккені бетке алған жаяу жүргінші Д. Иманғали Бакуге табан тіреді. Оның ендігі мақсаты - Иранды кесіп, Кувейтке, одан ары Сауд Арабиясы, Меккеге жету.
"Казинформ" мәліметіне сүйенсек, қажылыққа жаяу аттанған азаматты Бакудегі елшілік өкілдері қарсы алған. Марафоншы бүгін Әзірбайжанның шекарасынан ары асуға бел байлап отырған көрінеді.