ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісінде Пәтуалар жинағының үшінші кітабының танытымы өтті.

«Muftiyat» баспасы шығарған жинақтың танытымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

«Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады?» деген сауалдар жиі қойылады. Бұл жинақ – Кеңестің атқарып отырған ауқымды еңбегі мен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарының жемісі деп атар едім» деді ҚМДБ Төрағасы.

Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған жинақта қазіргі кезде қоғамда жиі талқыланатын көкейкесті мәселелер мен үкімдер жан-жақты талқыланып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі мен пәтуалары топтастырылып отыр. Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымына арналған. 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: