НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары барысында Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елдімекенінде жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімі Құран оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Жер бетіндегі мешіттерді иманды, Аллаға шынайы түрде бойұсынған мұсылмандар салады. Жаңа мешітке осы ауылдың құрметті азаматы Жарқынбек Пернебайұлының есімі беріліп отыр. Алла Тағала ағамызға жәннаттан жай беріп, ұрпағының өмірін ұзақ та берекелі еткей» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти осы мешіттің бас имамына қасиетті Құран Кәрім мен кәде сыйлық табыс етіп, жаңа мешітте жамағатпен бірге намаз оқыды.

Ал игі іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысы бас имамы Еркебұлан Ыбырайұлы, танымал имам-ұстаздар Ризабек Батталұлы, Бауыржан Әлиұлы мен Оралхан Сеидіманов және Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.  

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: