Қажылыққа аттанғандарды «жиһадшылармен» шатастырмауға шақырды

Қажылыққа аттанғандарды «жиһадшылармен» шатастырмауға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралиядағы мұсылман жамағаты алда келе жатқан қажылық маусымы кезінде орын алуы мүмкін жағдайлардан қауіптеніп отыр. Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барғандарды Сириядағы немесе Ирактағы ИГИШ жасақтары жалау еткен «жиһадқа» аттануы мүмкін деген күдікпен тергеп-тексерулер мен тоқтатулар болуы мүмкін дейді олар.

Бұл ойды осы елдің діни көсемі доктор Джамаль Рифи Шекара күзеті және иммиграция министрі Скотт Моррисонмен болған пікірталаста білдірді.

Доктор Рифидің айтуынша, ел азаматтары парыздарын өтеуге құштарланып, қасиетті мекенге аяқ басқандарында тәртіп сақшылары мен арнайы әскери қызметтегілердің қатаң тексеруіне ұшырауы әбден мүмкін.

Дін көсемінің бұндай шешім шығарып, алдын ала қауіптенуі де негізсіз емес. Жақында Австралиядан Малайзияға демалысқа бармақшы болған жас мұсылман отбасына қауіпсіздік қызметі агенттері 5 сағат бойы тергеу жұмыстарын жүргізген.

Кейіннен қауіпсіздік қызметі агенттері қателескендерін мойындап, олардың Малайзияға дейінгі жол қаражатын төлеп, шығарып салған болатын. Дегенмен, жас мұсылмандардың есінен сол бір қорқынышты күннің елесі әлі кетер емес.

Ал, министр Моррисон өз кезегінде қажылық сапарға аттанатын азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқтығын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: