Үндістанның демографиялық ахуалына қатысты мынадай үрдіс байқалып отыр: индустарға қарағанда мұсылмандар арасында балалар өлімі 18 пайызға кем болып шыққан. Мұның сыры – пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген өсиетіне адал мұсылмандардың тазалық талаптарын қатаң сақтауында жатыр. Бұл арада балалар өліміне әлеуметтік-материалдық ахуалдың түк қатысы жоқ. Керек десеңіз, мұсылмандардың тұрмысы индустарға қарағанда әлдеқайда жұтаң. Дәлірегі, мұсылмандар индустарға қарағанда әлдеқайда кедей тұрады. Үндістанның отбасы денсаулығын зерттеумен айналысатын ұлттық орталықтың мәліметіне қарағанда, материкалдық игіліктен таршылық пен тапшылық көрмеген, үйлерінде дәретханасы бар 67 пайыз индус отбасы әжетін далада өтегенді қолай көреді екен. Ал бұл көрсеткіш мұсылмандар арасында ары кеткенде 42 пайыздан аспаған. Оның өзінде, жағдайы келмегендіктен әжетін осылай өтеуге мәжбүр болатынын айта кету керек. Ғалымдардың пайымдауынша, индустардың арасында бес жасқа дейінгі балалар өлімінің азаймай отырғанына тазалық талаптарының сақталмауы себеп болып отыр. Ал салыстырмалы түрде алсақ, мұсылман балаларының арасында инфекциялық сырқат түрлері сирек кездеседі. Ол ол ма, мұсылман аудандарында тұратын индустар арасында да балалар өлімі деңгейіні төмен екендігі анықталып отыр.
islam.kz