Салауаттың қасиеті

Салауаттың қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көнеден келе жатқан риуаяттардың бірінде бір кісі түсінде Мұхаммед Пайғамбарымызды (ﷺ) көреді. Алайда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған бұрылып қарамайды. Ол кісі: «Уа, Алла Елшісі, маған ашулысыз ба?» – деп сұрағанда, «Жоқ», - деген жауап естиді.

– Онда неге маған қарамайсыз?

– Өйткені сені танымадым.

– Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай таниды деуші еді.

– Ғалымдарыңыз дұрыс айтқан, бірақ сен салауат айтып, мені есіңе алмадың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына байланысты.

Осы сәт әлгі кісі оянып кетеді. Сол күннен бастап күніге жүз салауат айтуды бұлжымас әдетке айналдырады. Біршама уақыттан соң тағы да түсінде Пайғамбарымызды (ﷺ) көреді. Алла Елшісі (ﷺ) оған: «Сені енді таныдым. Ақыретте саған да шапағат жасаймын», – деп сүйінші хабар айтады. Әлгі адам салауат айтып жүріп Пайғамбарымызды (ﷺ) жақсы көріп кеткен еді...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: