Сиднейлік мұсылман мұғалімі жас оқырмандарға роман жазды. Кітап Австралияның ең беделді әдеби сыйлықтарының біріне ұсынылды.
«Мен ұлдар мен қыздарға арналған кітапты олар өздерін сезінуі үшін жаздым - олардың пікірлері мен сезімдері маңызды», - дейді кітап авторы Рава Арджа.
Ливандық мұсылман жазушысы Сиднейдің оңтүстік-батысында дүниеге келген. Мұсылман емес қоғамда өскен Аржа жат ортада қалып, еш жерден қолдау көрмеген мигранттардың балаларымен бірдей сезімде болды.
«Тіпті кітаптардан тағдырыма және жаныма сай келетін нәрсені таба алмадым», - деді ол. Содан кейін мұсылман әйел әңгімелерді өзі жазып, тәжірибесімен бөлісуді жөн көрді.
Оның «F командасы» атты дебюттік романы өткен айда жастарға арналған кітаптар санатында жарияланған 2021 жылғы Премьер-Министрдің әдеби сыйлығын қоса алғанда, әртүрлі беделді австралиялық әдеби сыйлықтардың таңдаулы тізіміне енді.
Жеңіске жетуге үміттенген Арджа бұл марапат басқа мәдени және тілдік жағынан әртүрлі жастарды оның ізімен жүруге шабыттандырады деп санайды.
asyldin.kz