БАС МҮФТИ ЖАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ЖАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  төрағалығымен ҚМДБ жанынан құрылған ЖАНТ мүшелеріне арналған онлайн семинар өтті. Семинарға өңірлерден үш жүзден аса ЖАНТ мүшелері қатысты.

Семинар басында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ЖАНТ мүшелері жұмысының маңыздылығы жайында айтып, уағыз айту тәсілдері жайлы дәріс оқыды.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелерінің 2021 жылы атқарған онлайн және офлайн жұмыстары жөнінде баяндама жасап, биылғы қаңтар айынан қараша айына дейін ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен 5452 шара өткізіліп, 1 696 749 адам қамтылғанын хабардар етті.

Осыдан кейін сөз алған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов «Жат ағым өкілдерімен диалог жасаудың методикасы» тақырыбында баяндама жасап, ЖАНТ мүшелерін діни оңалтау бағытында белсенді жұмыс жасауға шақырды.

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы «Мұсылманның әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында баяндама жасап, ЖАНТ мүшелерін әлеуметтік желіні қолдануда белсенді болуға, әрдайым жақсылықтың жаршысы болуға шақырды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: