Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде жұмыр басты пенде қуанышты да, қайғылы да хабарларды естіп тұрады. Біздің асыл дініміз ислам өмірдің түрлі жайттарында айтылатын дұғаларды келтіріп қойған, мысалы үшін, жарық дүниеге жаңа ғана келген сәбидің қуанышты хабарын естігенде келеі дұғаны айту керек:
Аллахумма-джгалху барран уа анбитху фил-исляями набаатан хасанан уаджгалху масгуудан фид-дун’йа уәл-аахыра.
Мағынасы: «Уа, Алла, оны тақуа етіп, исламда өмір сүргізе гөр, оның бұл дүниеде және ақыретте бақытты болуын нәсіп ете гөр!»