Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Олар Тозақта: “Бізді Тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік” деп шыңғырады. “Сендерге; үгіт алғысы келген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар залымдар үшін ешбір көмекші жоқ” (делінеді)» (35:37). Абдулла бин Аббас (р.а.) келтірген: «Бірде күннің тұтылуы орын алды. Біз Пайғамбарымызбен (ﷺ) намаз оқып жатқанбыз. Намаз оқып болған соң Алла Елшісі (ﷺ): «Маған Тозақ көрсетілді. Осы күнге дейін сондай қорқынышты,
сондай үрейлі дүниені көрмеп едім», - деді» (Бұхари, Салят, 51). Дұға: «Уа, Алла Тағала! Бізді кешір әрі бізге қамқор бола гөр! Біздің құлшылығымызды, дұғаларымызды, жақсы амалдарымызды қабыл ет! Жұмағыңа кіргізіп, Тозақ Отыңнан сақтай гөр!» (Ибн Аби Шайба, Дуа, 135).
asyldin.kz