«Фермерлеріміздің бірі елімізде зәйтүн ағашын өсіруді ұсынып отыр. Ол үшін тұзды су керек. Ал ондай су Маңғыстау өңірінде кездеседі. Ауыл шаруашылық министрлігінде бұл ойымыз қолдау табуы үшін біз бұл мәселені көтеретін боламыз», – деді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу департаментінің бас сарапшысы Бақытжан Момбеков осы дүйсенбіде. Сондай-ақ, ол Маңғыстау өңірінде құрғақшылық пен қуаңшылыққа төзімді жеміс ағаштарын отырғызудың маңыздылығына тоқталды.
islam.kz