«Мен жан-жағымдағылардан әдейі ерекшеленіп тұруға тырысамын, сондықтан шариғат шәлісін киемін», – дейді он сегіз жасар Сумрин Фарук. Ислам жастар орталығында жолбасшы болып қызмет істейтін ол көшедегі исламға қарсы жаслаған қорқытып-үркіту мақсатында жасалған бассыздықтан кейін бел буғанын айтып отыр.
Ал, 25 жасар Шанза Али мен оның сіңлісі Сундас Британияға көшіп келістерімен,шариғат шәлісін жамылуға шешім шығарған. Айта кетейік, олардың өмірге әкелген аналарының өзі туған Отандары Пәкістанда да бұлай киінбеген көрінеді. «Мен мұндағыларға мұсылмандардың қандай болуы керектігін көрсеткім келеді», – дейді олар.