#Меркі ауданы: Отбасыларға азық-түлік таратылды

#Меркі ауданы: Отбасыларға азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін. Қазіргі кезде алаңдатып отырған індет жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттарымызға, көпбалалы отбасыларға, жалпы жұртшылыққа оңай болмай тұрғаны анық. Осынау сындарлы, сынаққа толы кезеңде ел баласы болып, жүкті жұмыла көтерсек, қайырымды болсақ, алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ. Осыны дәлелдейтін кез келді. Әр мұсылман қылған жақсылығының Алладан еселеп қайтатынына кәміл сенеді.

Осы мақсатта Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлының ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға күнделікті тұрмысқа керек азық-түлік таратылды.

Көмек алған отбасылар қуаныштарын жеткізіп, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: