Түркия Ислам әлемін Ауғанстанға көмек көрсетуге шақырды

Түркия Ислам әлемін Ауғанстанға көмек көрсетуге шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық көмек қоры (İHH) түрік халқы мен бүкіл Ислам әлемін экономикалық дағдарыс пен кедейлік қорқынышты деңгейге жеткен және адамдар аштық қаупімен бетпе-бет келген Ауғанстанда мұқтаж жандарға көмектесуге шақырады.

Anadolu агенттігіне берген сұхбатында İHH Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Хусейн Оруч Ауғанстанда 25 жылдан бері гуманитарлық жобаларды, атап айтқанда, жетім балаларға білім беру және көмек көрсету салаларында жүзеге асырып келе жатқанын еске салды.

Оның айтуынша, бүгінде Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы басқа елдерге қарағанда кеңірек.

«Ауғанстандағы жағдай шынымен де күрделі. Біз әлемдегі дағдарыстардан хабардармыз. Біз Сирияда, Иракта, Йеменде іс-шаралар жүргіземіз. Африка елдеріндегі аштық туралы да білеміз. Дегенмен, Ауғанстандағы жағдайды қандай дағдарыспен салыстырсақ та, бүгінгі жағдай әлдеқайда қайғылы. Елге көмек керек», - деді дереккөз.

Оруч Ауғанстанда 25 миллион адамның аштық қаупімен бетпе-бет келгенін атап өтті.

«Таяу күндері аштық Ауғанстанда миллионға жуық баланың өліміне әкелуі мүмкін. Наубайханалардың алдында көп адам сатып алушылардан садақа мен бір үзім нан күтіп тұр», - деді ол.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: