"Һибатулла Тарази" мешітінде күндердің сұлтаны жұма күні Мәуліт оқылды. Жұма намазының алдында мешітке жиналған жамағат Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат жырын тыңдады.
Мәулітті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінің имамы Қасымжан Бектаев оқыды.
Жамағат ұйып тыңдап, қосыла салауат айтты. Көпшілік Алла елшісіне деген сағынышымен бөлісіп, бірлесе дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

